Жарияланды: 370

Рейстер кешіккенде немесе өзгертілгенде жолаушыларға көмек көрсетпеген әуе компанияларға айыппұл салынады

Рейстер кешіккенде немесе өзгертілгенде жолаушыларға көмек көрсетпеген әуе компанияларға айыппұл салынады

Елімізде әуе рейстері кешіктірілген немесе олардың уақыты өзгертілгеніне орай жолаушыларға көмек шараларын қарастырмаған әуе компанияларына айыппұл салу көзделіп отыр.

Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Жауапты хатшысы Жеңіс Қасымбек мәлім етті. Жауапты хатшының айтуынша, авиатасымал саласында сапалы қызметтер алудағы жолаушылардың құқығын қорғау мақсатында заң жобасымен авиатасымалдаушы компаниялардың әкімшілік жауапкершілігі қарастырылады. «Бұл жауапкершілік негізінен авиатасымалдаушылардың рейстерді өзгерткен немесе кешіктірген жағдайларына байланысты жолаушылар алдындағы міндеттемелерін өтемеуіне орай қарастырылмақ. Бұл ретте осы норма арқылы рейстердің өзгертілуі немесе кешіктірілуіне қатысты жағдайды қатаң реттеу үшін айыппұлдар мөлшерін арттыру, басқа да шаралар қолдану көзделеді», - дейді Ж. Қасымбек. Бұдан бөлек, Жауапты хатшының айтуына қарағанда елімізде автокөлік транспорты қызметінің стандарттары да енгізілмек. Соған орай, заң жобасымен такси диспетчерлік қызметіне арнайы талаптар бекітілмек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін