Рекорд: Англияда футбол матчы 58:0 есебімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рекорд: Англияда футбол матчы 58:0 есебімен аяқталды

Рекорд: Англияда футбол матчы 58:0 есебімен аяқталды

Англияның "Уил Пауэр" (Wheel Power FC) футбол клубы бір кездесудің барысында "Нова-2010" қарсыласының қақпасына 58 доп кіргізіп,

  • 26 Наурыз 2012
  • 557
Фото - Caravan.kz

жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды massaget.kz сайты.

The Daily Mail агенттігі хабарлағандай, мұндай «жемісті» ойынды Англия тарихы бұрын-соңды көрмеген.

Кездесу жексенбі күні Торкий қаласының маңында, Торбий лигасы аясында «Уил Пауэр» командасының алаңында өткен болатын. Бір айта кететіні, екі футбол клубы да әуесқой деңгейде өнер көрсетіп жүр.

«Нова-2010» футбол клубының осындай есеппен жеңілгенін жасыл алаңға команда тарапынан бес-ақ футболшы шыққанымен түсіндіруге болады. «Нова-2010»-ның әр футболшысына екі адамның күшін салуға тура келді. Кейін командаға белгісіз тағы 4 адам қосылды. Мұндай «көмек» еш нәтиже бермеді. Команда орта есеппен әр бір жарым минут сайын қақпаға бір гол жіберіп отырды. Екі команда үзіліске 20:0 есебімен кетті.

Екінші таймда тақтада 50:0 есебі көрінгенде, «Нова-2010»-ның футболшылары төрешіден ойынды тоқтатуды сұрады. Бірақ, төреші бұл жағдайда айыппұл салынатындығын айтып, ойынды соңына дейін аяқтауды талап етті.

Айта кетерлігі, «Уил Пауэр» командасының да құрамы толық емес еді. Олар алаңға 10 футболшымен ғана шыққан болатын. Бір қызығы «Уил Пауэрдің» намысын қорғап жүрген ағайынды Робби мен Стюарт Баукерлер 28 гол соққан.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера