Ресей Украина тақырыбын шешпесе, Қазақстанмен, Армениямен және айналадағы басқа елдермен проблема тууы мүмкін, депті Ресей мемдумасының вице-спикері Петр Толстой. Кейін радио сұхбатты өшіріп тастаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Қазақстанда бүгінде белгілі бір қазақ мемлекетін құру жоспары туралы болып жатқан жағдайды қарап көріңіздер, ол жақта тәуелсіздік туралы ұлттық мифология гүлденіп жатыр, латынға өтуге қатысты. Ол жақта да қызық көп», — деді Толстой.
Оның айтуынша, ол «орыс мұғалімдері Павлодарды орыстар салды дегенде кешірім сұратқызғанын қаламайды».
«Олар Алма-Ата дегенің Верный деген орыс қаласы екенін ұмытқанына қарсымын. Бұл біздің казактардың қамалы. Бұл тарих ұлттық дүниетанымға маңызды. Ал тарихты ойдан шығарудың қажеті жоқ», — деді ол.
Ол Путин ҰҚШҰ-ны кіргізу арқылы Қазақстанға көмектескенін мәлімдеді.