Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сенсек, жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат 5 қаңтар түнінде түскен. Апат салдарынан жеті қазақстандық жарақат алып, екеуі қаза тапты. Қайтыс болғандардың денелері Қазақстанға жеткізілді.
7 қаңтар таңертең жарақат алған жеті адам, оның ішінде екі бала санитарлық көлікпен Орал қаласындағы қалалық және облыстық көпсалалы ауруханаларға жеткізілді. Жарақат алғандарда мидың шайқалуы, аяқ-қолдың, жамбас сүйектерінің, омыртқаның сынуы, соғылу, гематома сияқты көптеген жарақаттар анықталған. Жағдайлары орташа ауыр деп бағаланып отыр.
Бұл операцияға облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының 23 қызметкері және 8 техника бірлігі жұмылдырылды. Сондай-ақ Орал қаласынан шекаралық өткелге дейінгі колоннаны алып жүру және қайтару үшін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері тартылды.