Ресейде бензин бағасы өсіп жатыр, бұл Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін? - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде бензин бағасы өсіп жатыр, бұл Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

Ресейде бензин бағасы өсіп жатыр, бұл Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

Геосаяси жағдайға байланысты Ресейде жанар-жағар май бағасы өсе бастады. Қазақстан азаматтары көршілес елде орын алып отырған жағдайға алаңдайтыны жасырын емес.

  • 29 Наурыз
  • 52
Фото: pixabay.com

12 наурызда Ресейдің еуропалық бөлігінің аумақтық индексі бойынша АИ-92 маркалы бензиннің құны 1,37%-ға өсіп, тоннасына 47 559 рубльді құрады, деп хабарлайды Caravan.kz медиапорталы TengeLifekz арнасына сілтеме жасай отырып.

АИ-95 бағасы 1,32 пайызға қымбаттап, тоннасына 59 453 рубль болды. Сонымен қатар, дизель отыны қымбаттады: жазғы отын – 1,41%-ға, 60 805 рубльге, маусымаралық – 0,82%-ға, 60 804 рубльге, қысқы – 0,25%-ға, тоннасына 62 609 рубльге дейін.

Өз кезегінде Қазақстан үкіметі жанар-жағармай өндіру және жөнелту үздіксіз жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Informburo.kz басылымына берген жауабы барысында айтты. 

«Қазіргі кезде мұнай өңдеу зауыттарындағы, мұнай базаларындағы және темір жолдардағы дизель отынының жалпы қоры 657 мың тоннаны құрап отыр. Бұл елдің екі айға дейінгі қажеттілігін қамтамасыз ететін қор.  АИ-92 бензинінің жалпы қоры 454 мың тоннаны құрайды. 

Еліміздің жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында мұнай өнімдерін, оның ішінде дизель отынын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды литріне 450 теңгеден, сондай-ақ мұнай өнімдеріне – 450 теңгеден белгілеуді көздейтін Энергетика министрінің бұйрығы шықты. АИ-92 маркалы бензин – литріне 205 теңге.

Сонымен қатар жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салуды қарастыратын бұйрық күшінде», — делінген хабарламада.