Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Логистиканың бұзылуынан қажетті техника, құрал-жабдық пен дәрі шығаруға шикізат жоқ. Әсіресе АИТВ (ВИЧ) және С гепатитін емдеуге арналған препарат тапшы.
Сонымен қатар, дәріханалар көптеп жабылуда. Өйткені маман жетпейді. Үкімет енді почта қызметкерлеріне де дәрі сатуға рұқсат беру туралы мәселені қарауда, деп жазады qazaqstan.tv.
Алдымен олар 72 сағат оқуы тиіс. Бұл жаңалықтан соң фармацевт саны 20 мыңға азайып, дәрі тағы қымбаттады.
«Бағасы қолжетімді дәріні сату фармацевтикалық компаниялар үшін тиімсіз болып кетті. Өйткені логистика жоқ. Сондықтан арзан бағаға дәрі табу мүмкін емес. Қымбат препараттардың өзі 15-20, тіпті 30 пайызға қымбаттады. Бұл бағаны дәріханалар қоймайды, өндірушілер құнын шарықтатып жіберді.»Виктория Преснякова, Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының атқарушы директоры