"Ресейдің мигранттарға қойған шектеуі Қазақстанда алаңдаушылық тудырды" - Ресейлік БАҚ еліміз туралы не жазуда? - kaz.caravan.kz
  • $ 504.34
  • 556.34
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ресейдің мигранттарға қойған шектеуі Қазақстанда алаңдаушылық тудырды" - Ресейлік БАҚ еліміз туралы не жазуда?

"Ресейдің мигранттарға қойған шектеуі Қазақстанда алаңдаушылық тудырды" - Ресейлік БАҚ еліміз туралы не жазуда?

Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы, қазақтар жайлы не жазуда? Еліміз жайлы қандай ақпараттар таратуда?

  • 5 Наурыз
  • 251
ФОТО: ЖИ

Caravan.kz медиа порталы ресейлік басылымдарға шолу жасап көрді.

Хакерлер Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің сайтын бұзды — Газета.ru

Беймәлім хакерлер Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің сайтына қол жеткізді.

Бұл туралы ресейлік DLBI ұйымының сарапшылары хабарлады.

Жалпыға қолжетімді болып қалған мәліметтер арасында азаматтардың аты-жөні, туған күндері мен мекенжайлары, шамамен 24,5 мың телефон нөмірі, 32,5 мың электрондық пошта мекенжайы және басқа да ақпараттар бар. Файлдардағы деректер 2025 жылдың 21 ақпанымен белгіленген. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің сайты бұзылғаны туралы ресми ақпарат берген жоқ.

Қазақстан мен Қытай жаңа теміржол бағытын іске қосуда — Glavny.tv

Қазақстан мен Қытай билігі жаңа теміржол бағытын іске қосты. Бұл бағыт арқылы жүктер Ресей аумағын айналып өтіп, тікелей Еуропаға жеткізіле алады, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) баспасөз қызметі.

Қытайлық China Railway Container Transport (CRCT) компаниясы екі ел өкілдері жақын арада барлығын нақтылау үшін байланысқа шығатынын растады. Жаңа жүйенің арқасында Қытайдан шыққан контейнерлік пойыздар тікелей Еуропаға барады. Жобаның өзі 2023 жылдың жазында келісілген болатын.

Жүктердің бағыты Түрікменстан, Қазақстан, Иран және Түркия аумағы арқылы өтеді. Жаңа маршрут бойынша алғашқы пойыз Қытайдың Чэнду қаласынан Польшадағы Лодзь қаласына аттанды.

«Бұл маршрут жүк тасымалының үзіліссіз жеткізілуін және елдер арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз етеді. Болжамды жол жүру уақыты – 40 күн», – деп мәлімдеді ҚТЖ баспасөз қызметі.

Ресейдің мигранттарға қойған шектеуі Қазақстанда алаңдаушылық тудырды — MoneyTimes

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевтың айтуынша, еңбек мигранттарына отбасын алып келуге тыйым салу бастамасы түсініксіз.

Абаев ЕАЭО аясында еңбек мигранттарына «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат алусыз жұмыс істеу, сондай-ақ еңбек шартының мерзімі бойы сол мемлекетте болу құқығы» берілгенін мысал ретінде келтірді. Оның айтуынша, осындай шарттар олардың отбасылары үшін де қарастырылған.

Бұл бастаманы ЛДПР партиясының мүшелері ұсынды. Шектеулер Ресейде еңбек шарты немесе патент негізінде жұмыс істейтін төмен білікті мамандарға қатысты енгізілмек.

Сондай-ақ, 2025 жылы, заң бұзған мигранттардың Ресейде болу ережелері қатаңдатылмақ.