Ресей 2015-жылға дейін Екібастұз көмірін кузнецк көміріне алмастыра алмайды - Халықаралық тау-кен конгрессінің президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей 2015-жылға дейін Екібастұз көмірін кузнецк көміріне алмастыра алмайды - Халықаралық тау-кен конгрессінің президенті

Ресей 2015-жылға дейін Екібастұз көмірін кузнецк көміріне алмастыра алмайды - Халықаралық тау-кен конгрессінің президенті

Екібастұз көмірін кузнецк көміріне алмастыру жөніндегі жобаны жүзеге асыруға Ресей 2015-жылдан кейін кірісуі мүмкін. Бұл туралы Халықаралық тау-кен конгрессінің президенті Михаил Щадов "Богатырь Аксес Көмір" ЖШС-нің бас директоры Д.Прайспен кездесуде мәлімдеді.

  • 26 Қараша 2003
  • 771
Фото - Caravan.kz

М.Щадов Ресей үкіметінің тапсырмасымен Екібастұз көмірін Кузнецк көміріне алмастыру мәселесін зерттеген жұмыс тобын басқарған.

Жұмыс тобының тұжырымына сілтеме жасаған М.Щадовтың айтуынша, «Станцияларды Кузнецк көмірін жағуға бейімдеу үшін Ресейдің техникалық мүмкіндігі жеткенімен, әзірге станцияларды жаңалап жарақтауға ірі көлемде капитал құюға қаржылық мүмкіндігі жетпейді». Сондай-ақ, Екібастұз көмірінің орнына қосымша 22-25 млн. тонна көмір өндіруге Ресейдің материалдық және техникалық ресурстары да жетпейді , деді ол. «Аталмыш жоспарды жүзеге асыру үшін жаңа разрездер салып, құрылыс индустриясына жаңа база қалыптастыру қажет»,- деп пайымдайды Халықаралық тау-кен конгрессінің президенті.
М.Щадовтың айтуынша, Екібастұз көмірін алмастыру жобасына кіріспес бұрын кейбір электр станцияларындағы арнайы Екібастұз көмірін жағу үшін орнатылған тозығы жеткен құрал-жабдықтарды жаңасына ауыстыру қажет.
Кейбір Ресейлік станцияларды құрал-жабдықты ауыстырмастан жергілікті көмірге көшіру әзірге нәтижесін бермей отыр. Атап айтсақ, Троицк ГРЭС-інде жарты жылға жуық Кузнецк көмірі жағылған. Алайда, өткен жылдың соңынан бері станция дәстүрлі Екібастұз көмірін жағуға қайта көшті. Қазір бұл станция жылына 4 млн. тонна Екібастұз көмірін жағады.
М.Щадовтың айтуынша, таяу жылдардан бастап 2015-жылға дейін Ресейлік станциялардың Екібастұз көміріне деген сұраныс көлемі жылына 27 млн. тоннаға дейін өспекші.
М.Щадов «Аксес Индастриз» компаниясы басшылығының бастамасымен осы компанияның салалық кәсіпорны болып табылатын «БАК» ЖШС-нің техникалық кеңесіне қатысу үшін Халықаралық тау-кен конгрессі өкілдерінің құрамында Екібастұзға келген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1988-жылы 41 млн. тонанға дейін Екібастұз көмірін тұтынған Ресейлік электр станциялары 2001-2002-жылдарда бұл мөлшерді 25 млн. тоннаға дейін азайтты. Ресей рыногін сақтап қалу үшін елімізде «Екібастұз көмірі» атты бағдарлама жобасы жасалып жүзеге асырыла бастады.

Соңғы жаңалықтар