Ресей АҚШ долларына қашаннан тыйым салмақ? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей АҚШ долларына қашаннан тыйым салмақ?

Ресей АҚШ долларына қашаннан тыйым салмақ?

Ресей АҚШ долларына шынымен-ақ тыйым салмақ. Бүгін соны қарастыратын заң жобасы Думаға келіп түсті. Жаңа құжат мақұлданған жағдайда Ресей азаматтары бір жыл ішінде доллармен ашылған есеп-шоттарын жауып, оны рубльге ауыстыруға міндетті болады.

  • 4 Қыркүйек 2015
  • 308
Фото - Caravan.kz

Одан соң доллармен қаржы сақталатын шоттар автоматты түрде жабылмақшы. Ал полиция, шекарашылар, кеден мен салықшылар доллар көрсе дереу тәркілеуі мүмкін. Заң күшіне енген жағдайда ресейліктер доллар сатып алу мүмкіндігінен мүлдем айырылады. Мұндай қадамға рубльдің күшеюіне АҚШ ақшасы кедергі келтіретіндіктен барып отырмыз дейді шенеуніктер. Ресей президенті тіпті бүкіл ТМД елдерін осылайша доллардан түбегейлі бас тартуға шақырып отыр. 

Соңғы жаңалықтар