Ресей арнайы қызметі Skyp байланысына тыйым салуды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей арнайы қызметі Skyp байланысына тыйым салуды ұсынады

Ресей арнайы қызметі Skyp байланысына тыйым салуды ұсынады

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) ресейлік тұтынушыларға Skyp арқылы интернет-телефон байланысына және Gmail мен Hotmail пошта қызметіне тыйым салуды ұсынады, деп «КоммерсантЪ» жазады.

  • 11 Сәуiр 2011
  • 354
Фото - Caravan.kz

«…Федералдық байланыс және техникалық мәселелер жөніндегі үкімет комиссиясында ФСБ-ның ақпараттарды қорғау және арнайы байланыс орталығының бастығы Александр Андреечкин шетелдік Gmail мен Hotmail және Skype сынды интернет-сервистерді пайдалану ұлттық қауіпсізідкке қауіп төндіреді деп мәлімдеді», — делінген мақалада.

Ресей арнайы қызмет өкілінің айтуынша, құқық қорғау органдары ондай сервистердің шрифтелген хабарларына бақылау орната алмайды». Ал оларды Ресей территориясындағы белсенді экстремистер қолдануда.

Газет сондай-ақ басылым РФ премьер-министрінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың «ФСБ өкілдері жеке көзқарасын білдіріп отырған жоқ» деген сөзін келтіреді.

«Әрине, бұл ведомствоның ұстанымы және ол мұқият негізделген», — деп айтқан Д. Песковтың сөзін келтіреді басылым.