Ресей азаматы есірткіні әтір құтысына салып, шекарадан өтпек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей азаматы есірткіні әтір құтысына салып, шекарадан өтпек болған

Ресей азаматы есірткіні әтір құтысына салып, шекарадан өтпек болған

Есірткіні еліне тасығысы келген ресейлік осындай айла ойлап тапқан

  • 5 Қаңтар 2018
  • 246
Фото - Caravan.kz

Есірткіні әтір құтысына салып, шекарадан аспақ болған Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлады Sputnik Шекара баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Шарбақты авто" өткізу бекетінің жасағы қызметтік иттің көмегімен Ресей Федерациясының 38 жастағы азаматын ұстады, ол әтірдің құтысына марихуана салып, шекарадан аспақ болған. Ұсталған тұлға Қазақстаннан Ресейге Toyota Avensis көлігімен кетіп бара жатқан", — делінген хабарламада. 

Баспасөз қызметі атап өткендей, тінту барысында әтір құтысынан 3 грамм марихуана табылыпты.   


Сол күні Ресейдің тағы бір азаматы шекаралық бақылауда есірткімен ұсталған.

Соңғы жаңалықтар