Ресей азаматы қарағандылық әйелдің ар-ұятына нұқсан келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей азаматы қарағандылық әйелдің ар-ұятына нұқсан келтірді

Ресей азаматы қарағандылық әйелдің ар-ұятына нұқсан келтірді

Қарағандылық тұрғын  ғаламтор арқылы танысамын деп басы пәлеге қалды. Интернетпен хат алысып жүрген шетелдік танысы Татьяна Каменскаяның атынан ғаламторда танысу парағын ашып, оған анайы суреттер іліп қойған.

  • 25 Маусым 2011
  • 544
Фото - Caravan.kz

57 жастағы Татьяна өз атынан ашылған парақшаны көргенде жағасын ұстапты. Өйткені ол жерде жеке суреттерімен қатар, ақылы жыныстық қызмет көрсетеді деген хабарландыру ілінген. Ең сорақысы, беті тұмшаланған жалаңаш қыздардың суреттерін қарағандылық кәсіпкер әйелге теңеген. Айтуынша, бұл бұрыннан хат алысып жүрген 25 жастағы  Ресей  азаматының  ісі екен. Зардап шегуші интернетте ойына келгенін жазған жас жігітті жазалауды сұрап, тәртіп сақшыларына шағымданды. Бірақ мұндай оқиғаға алғаш рет тап болған жергілікті полиция шарасыздық танытып отыр. Себебі: ғаламтор қолданушысын жазалау Қазақстанда бұрын-соңды болып көрмеген. Дегенмен кәсіби мамандар ақылға сиыңқырамайтын іске барған шетел азаматын компьютерінің “айпи” мекен-жайын табу арқылы анықтауға болатынын айтады.


Татьяна Каменская, Қарағанды қаласының тұрғыны
:

Танысу сайтындағы көргенсіздіктен кейінәлі күнге дейін өзөзіме келе алмай жүрмін. Тек арым ғана тапталып қойған жоқ, кәсіпкер ретінде іскерлік беделіме де нұқсан келді. Сайтты көрген адамдар мені жеңіл жүрісті әйел деп ойлап жүр.

Соңғы жаңалықтар