С.Ивановтың хабарлауынша, таяудағы 3-4 жыл емес, шалғай перспективада әскери мақсаттағы ұшырылымдардың негізгі бөлігі Плесецк ғарыш айлағына көшірілуі мүмкіндігін жоққа шығармайды. Оның пікірінше, Ресей алдағы бірнеше он жылда Байқоңырдан пилоты ғарыш кемелерін ұшырудан бас тартпайды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Плесецк ғарыш айлағына жасаған сапары барысында журналистерге берген сұхбатында Ресей қорғаныс министрі Сергей Иванов өз елінің болашақта Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудан бас тарту мүмкіндігін мәлімдеген болатын. Ол «болашақта мен мұндай мүмкіндікті жоққа шығармаймын»деп атап көрсеткен. С.Ивановтың айтуынша, «біз бұл жерде құр босқа жылқы қуалап жүрген жоқпыз, бірақ Ресейдің ғарыш кеңістігіне шығатын тәуелсіз айлағы болуы тиіс».
С.Ивановтың айтуына қарағанда, Ресейдің бас әскери қолбасшысы Плесецк айлағын ғарыш кеңістігіне тәуелсіз жол тарту мақсатын шешуге мүмкіндік беретін негізгі нысан ретінде тіпті 2001-жылы атап көрсеткен.