Ресей, Белоруссия мен Қазақстанның үкімет басшылары Мәскеуде бас қосады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей, Белоруссия мен Қазақстанның үкімет басшылары Мәскеуде бас қосады

Ресей, Белоруссия мен Қазақстанның үкімет басшылары Мәскеуде бас қосады

Ресей, Белоруссия мен Қазақстанның премьер-министрлері Владимир Путин, Михаил Мясникович пен Кәрім Мәсімов шілденің 12-сі күні Мәскеуде үшжақты кездесу өткізу туралы келісті. Бұл туралы РФ үкімет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім етті.

  • 1 Шiлде 2011
  • 373
Фото - Caravan.kz

Д.Песковтың айтуынша, ресми сапармен Улан-Удэде жүрген В.Путин екі елдегі әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті.

Ол үш мемлекет арасындағы біртұтас экономикалық кеңістік құру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді. Бүгін «үш ел арасындағы кеден бекеттерінің алынып тастауы осының дәлелі» деп атап өтті В.Путин.
Сонымен қатар, үкімет басшылары 12-шілде күні Мәскеуде бас қосуға келісіп, «үш ел өкілдерінің қатысуымен бизнес форум өткізу» қажеттігін тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар