Ресей бендиден әлем біріншілігінде Қазақстан және Швеция құрамаларынан сескенеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей бендиден әлем біріншілігінде Қазақстан және Швеция құрамаларынан сескенеді

Ресей бендиден әлем біріншілігінде Қазақстан және Швеция құрамаларынан сескенеді

Ресей құрамасы бендиден өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан, Швеция және Финляндия құрамаларынан сескенеді.

  • 26 Қаңтар 2012
  • 320
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматыдағы баспасөз маслихатында Ресей бапкері Сергей Фирсов айтты.

«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметіне қарағанда, жарыс 29 қаңтарда басталады. Әлем чемпионатында бастапқыда хабарланғандай, 15 емес 14 ел қатысатын болды. Соңғы сәтте Моңғолия жарыстан бас тартты.

«Команда алдындағы басты мақсат — әлем чемпионы атағын қорғау. Бірақ, айту бір бөлек, орындау оңай болмайын деп тұр. Швеция мен Финляндия сапында негізгі құрамның бірнеше ойыншылары болмайды. Алайда, бұл олардың ойын өрнегіне еш әсер етпеуге тиіс. Қазақстан да бүгінгі таңда күшейіп алды», — деді Фирсов.

«Межеленген күнтізбе өзгеріссіз қала береді. Орталық стадионның қосалқы алаңында өтетін матчтарға кіру тегін болады. Ал «Медеу» мұзайдынындағы матчтардың билет құны 200 теңге, финалдық матчқа кіру — 500 теңге болмақ», — деп түсіндірді ұйымдастырушылардың бірі Сұлтанбек Сыздықов.

29 қаңтар күні Қазақстан мен Норвегия жарыстың алғашқы ойынын өткізеді. Басталу уақыты Астана уақыты бойынша 20.00-де.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера