Цирк ұжымдары Қазақстанға қыркүйектің бірінші жартысында келеді деп күтілуде, ал гастрольдер 2011 жылдың қаңтар айының соңына дейін жалғаспақ. Гастрольдік сапардың кестесі жасалып қойған, қазіргі таңда сәйкес сертификаттар мен кеден құжаттары ресімделіп жатыр.
«Біз бұрынғы кеңестік кеңістікте цирктердің қауымдастығын құру туралы ережеге қол қойдық. Қауымдастықтың жарғысына негіз болатын құжат қазір дайын. Бұл құжат әртістерге бір рет қана емес, конвейер түрінде гастрольдік сапарлар жасауға мүмкіндік береді. Қазір азиялық аймаққа екі бағдарлама: Юлия Филатова мен Тофик Ахундовтың бағдарламалары аттанады. Жаңа жылдан кейін ол жаққа Нуғзаровтың бағдарламасы жол жүреді деген үміттеміз. Азиялық аймақ біз үшін өте маңызды, себебі кең гастрольдік қызметке мүмкіндік береді. Цирк те — нарық, оның да шекарасын мүмкіндігінше кеңейте түсу керек», — дейді «Ресей мемлекеттік циркінің» бас директоры Александр Калмыков.