Көршілеріміз сыйлаған С-300 ПС кешені темір жол арқылы Алматыға жақын орналасқан «Жетісу» станциясына жеткізілді. Мұндай құрылғы қазір Астана, Алматы, Ақтау және Шымкент маңына қойылған. Ал жаңадан келген техника алдымен әскери жаттығуда сынақтан өтеді. Жалпы, С-300 ПС зениттік-зымырандық кешені әуе кеңістігін кез-келген қауіп-қатерден қорғауға арналған.