Ресей елшілігінің алдында әнұранды шырқаған «Антигептил» мүшелерін полиция ұстап әкетті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей елшілігінің алдында әнұранды  шырқаған «Антигептил» мүшелерін полиция ұстап әкетті

Ресей елшілігінің алдында әнұранды шырқаған «Антигептил» мүшелерін полиция ұстап әкетті

Біраздан бері  үнсіз қалған атақты «Антигептил»  бүгін  бас көтерді. Атышулы ұйым мүшелері Ресей елшілігіне басып кірмек болды. Өйткені, табиғат жанашырлары 28-қыркүйекте, бұған дейін ақауға байланысты кейінге шегерілген «Протон» Байқоңырдан қайта  ұшыралады дегенді естіген бойда өре-түрегелген.

  • 27 Қыркүйек 2014
  • 354
Фото - Caravan.kz

Болатбек Біләлов, «Антигептил» қозғалысының мүшесі:

 — Протон тоқмағанша, гептил тоқтамағанша біз шаршамаймыз! Өйткені, мәселе идеологиялық емес, мәселе денсаулықта, қазір біз қазақ өз денсаулығымызды қорғамасақ, онда бізде болашақ болмайды. Біз аз болсақ та, Протонды жеңгенше біз оған барамыз!

Үйреншікті сары түсті киімдерін киген  «Антигептил»  мүшелерінің Ресей елшілігінің алдына келуі бекер емес. Олар Байқоңырды жалға алған көршіміз «Протонның» ұшырылымын қасқана тоқтатпай отыр деп есептейді. Алайда наразы  топ  екі метрлік биік қоршау алдында плакаттарымен небәрі 5 минут тұрды. Осы аралықта  елшіліктен бір адам да шыққан жоқ. Ал  ашулы топ әнұран шырқауды  бастағаны сол еді, полицейлердің қарасы көбейді.Сөйтіп оларды   автобусқа тиеп бөлімшеге  алып кетті.


-Менің елім

— Менің жерім,

— Гүлің болып егілемін

Туған жерім менің Қазақстаным….