Ресей елшісін елден қууға петиция жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Ресей елшісін елден қууға петиция жарияланды

Ресей елшісін елден қууға петиция жарияланды

Қазақстандықтар Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді елден шығарып жіберуді талап еткен петицияға қол қойып жатыр.

  • 9 Желтоқсан 2022
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біріншіден, ол Ресейдің Қазақстанның ішкі істеріне араласуға ниетін «көмектесеміз»деген сөзбен ашық жеткізді. Екіншіден, ол қазақ халқына қай тілде сөйлеу керегін нұсқамақ болды. Үшіншіден, ол Қазақстандағы ұлтшылдық туралы мәлімдемесі арқылы республикада ұлтаралық алауыздықты қоздырады», –  делінген петиция мәтінінде.

Сондай-ақ, петицияда елшінің іс-әрекеті Қазақстандағы саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталғаны айтылған.


«Осы жағдайларға байланысты Ресей Федерациясының елшісін Қазақстаннан шығару туралы шешім қабылдануы керек, ол кем дегенде осы лауазымынан алынуы қажет», — дейді автор.

Екі күн ішінде бұл ұсынысты үш мыңнан астам адам қолдап үлгерген.