Ресей елшісінің өліміне байланысты АҚШ Түркияға көмек ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей елшісінің өліміне байланысты АҚШ Түркияға көмек ұсынды

Ресей елшісінің өліміне байланысты АҚШ Түркияға көмек ұсынды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглуға ресейлік елші Андрей Карловтың өлімін тергеу жұмыстарында АҚШ-тың көмегін ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік басылымдарға сілтеме жасап.

  • 21 Желтоқсан 2016
  • 927
Фото - Caravan.kz

«Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карловтың өлімін тергеу жұмыстарында мемлекеттік хатшысы АҚШ-тың көмегін ұсынды», — деп көрсетілген Мемдепартаменттің сайтында, деп жазады Лента.ру.

Сондай-ақ Керри мен Чавушоглудың Сириядағы жағдайды талқылағаны да атап өтілген.

Бұған дейін Керри Анкарадағы Карловтың қазасын тергеу бойынша АҚШ-тың көмегін Ресейге де ұсынған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 19 желтоқсанда жас жігіт Анкарада Ресей елшісіне қарулы шабуыл жасады. Оған «Ресей түріктер көзімен» атты фотокөрменің ашылу салтанатында мінберден сөз сөйлеп тұрған кезінде оқ атылды.