Ресей Еуро-4 экостандартына көшуді 2015 жылдың соңына қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Еуро-4 экостандартына көшуді 2015 жылдың соңына қалдырды

Ресей Еуро-4 экостандартына көшуді 2015 жылдың соңына қалдырды

Ресей Еуро-4 экологиялық стандартына көшуді 2015 жылдың соңына қалдырды, деп хабарлайды «КоммерсантЪ».

  • 7 Маусым 2011
  • 400
Фото - Caravan.kz

«Энергетика министрлігі Еуро-2 бензинінің айналымы бойынша техрегламентінің мерзімін 2012 жылға дейін, Еуро-3-тің – 2014 жылдың соңына дейін, Еуро-4-тің 2015 жылға дейін ұзартуды жоспарлап отыр», — деп хабарлайды басылым энергетика министрі Сергей Шматконың сөздерін келтіре отырып.

Газеттің ақпараты бойынша, ресейлік министрлік «МӨЗ-дерін модернизациялауды үлгермеген мұнай компанияларына жол беріп отыр». Осыған байланысты «Еуро-2 бензиннен толығымен көшуді 2012 жылдың соңына қалдырып», сәйкес техрегламентті енгізу мерзімін ауыстыру ұсынылып отыр.

Сәйкесінше, дизель отыны бойынша да техрегламент мерзімдері өзгереді: Еуро-2 дизель отынының айналымы 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін, Еуро-3 және Еуро-4 2015 жылға дейін рұқсат етіледі.

Газеттің хабарлауынша, С.Шматко бұл қадамды «мұнай компанияларына емес, тұтынушыларға қарай жасалған қадам», мәжбүрлі шара деп атаған. Басылым Ресейдің Еуро-5 экостандартын шығару мүмкіндіктері туралы жазбапты.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның мұнай және газ министрлігі Еуро-3, Еуро-4-тен секіріп, 2014 жылы бірден Еуро-5 стандартты отынға көшу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл қазақстандық мұнай өңдеуші зауыттарды модернизациялау шеңберінде қарастырылып отыр. Бағдарлама 2014 жылға дейін есептелген. Бұған дейін зауыттарды кезең-кезеңмен модернизациялау жоспарланған болатын: алдымен 2014 жылы Еуро-3-ке, кейін 2016 жылы Еуро-4 сапасына дейін.

Соңғы жаңалықтар