Ресей Федерациясы прокуратурасы жанындағы Тергеу комитеті мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы арасындағы Ынтамақтастық туралы келісімге қол қойылды (Толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Федерациясы прокуратурасы жанындағы Тергеу комитеті мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы арасындағы Ынтамақтастық туралы келісімге қол қойылды (Толық нұсқасы)

Ресей Федерациясы прокуратурасы жанындағы Тергеу комитеті мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы арасындағы Ынтамақтастық туралы келісімге қол қойылды (Толық нұсқасы)

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Федерациясы прокуратурасы жанындағы Тергеу комитеті мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы арасындағы Ынтамақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 16 Қазан 2008
  • 855
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың 16 қазанында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мен Ресей Федерациясы Бас прокурорының бірінші орынбасары — Ресей Федерациясы прокуратурасы жанындағы Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкиннің кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында тараптар Ынтамақтастық туралы келісімге қол қойып, жұмыс тәжірибесімен және қылмыс пен оған қарсы әрекеттің ахуалы туралы қылмысты ашу және тергеу әдістері мен тәсілдері, біріккен кеңестер мен семинарлар өткізу туралы ақпараттармен алмасу жөніндегі халықаралық-құқықтық ынтамақтастық аясындағы біріккен шаралар бағдарламасын бекітті.

Ресей Федерациясы прокуратурасы жанындағы Тергеу комитеті мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы арасындағы бұл келісім, сондай-ақ 2008-2009 жылдарға арналған біріккен шаралар бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстан мен Ресей арасындағы сотқа дейінгі кезендегі қылмыстық сот өндірісі аясындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуді мақсат тұтып, осы екі ведомствоның алдына қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтары игілігі жөніндегі мәселелерді тиімді шешуге жәрдемдесетін болады.

Бас прокурордың бірінші орынбасары И.Меркель Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы құқықтық қатынастардың серпінді дамумен, көзқарастардың ортақтығымен, аса маңызды мемлекеттік проблемаларды шешуде сындарлы диалог пен дәйектілікпен ерекшеленетінін атап өтті. Құқықтық көмек беру, қылмыскерлерді экстрадициялау, қылмыстық қудалау мәселелерінде Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының негізгі әріптесі болып келеді.

Кездесу өзара түсіністік жағдайындағы сындарлы диалог рухында өтіп, екі тарап та кездесудің нәтижелеріне қанағаттандықтарын білдірді.

Кеңес қорытындысы бойынша тараптар аймақтардағы заңдылық пен құқық тәртібін, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы прокуратуралары мен органдарының біріккен ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға әзір екендіктерін растады.

Осы сапар барысында Ресей Федерациясының делегациясын Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Р.Түсіпбеков қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар