«Астероидтың Жерге соғылу мүмкіндігі төмен, сондықтан дайындалуға әлі ерте», — деді ол.
Л.Соколовтың айтуынша, 2036 жылы құйрықты жұлдыз Жерге жақындай қоймаған күннің өзінде қауіп сейілмейді.
Сарапшы НАСА агенттігінің 21-ғасырда аталған құйрықты жұлдыз Жерге 11 рет қатты қауіп төндіретіні туралы болжамдарын алға тартты. Бұл қауіп 2050 жылға дейін сақталып қалуы мүмкін.
Апофис құйрықты жұлдызын астрономдар 2004 жылы ашқан болатын. Ғалымдар есебіне сүйенсек, 2029 жыл мен 2036 жылдар аралығында астероид бірнеше мәрте Жерге жақындап, қатты қауіп төндірмек.