Ресей Грузия әскерлерінің ендігі жерде Оңтүстік Осетиядағы бітімгер күштердің қатарына енгізілмеуін талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Грузия әскерлерінің ендігі жерде Оңтүстік Осетиядағы бітімгер күштердің қатарына енгізілмеуін талап етуде

Ресей Грузия әскерлерінің ендігі жерде Оңтүстік Осетиядағы бітімгер күштердің қатарына енгізілмеуін талап етуде

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Грузия әскерлерінің ендігі жерде Оңтүстік Осетиядағы бітімгер күштердің қатарына енгізілмеуін талап етеді. Бұл туралы кеше Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшілігінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы Ресей істерін жауаптанған уақытша сенімді өкіл Владимир Спринчан мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Тамыз 2008
  • 468
Фото - Caravan.kz

«Халықаралық Еуропа ұйымдарының, ЕҚЫҰ мен Еуроодақтың ұстанымдары бірнеше жайттарды есептемегенде Ресей жағынан түсіністік табады», — деді В. Спринчан.

«Грузия жағының бітімгершілері өз мандаттарын бұзды, қауіпсіздік аймағынан шықты, оның үстіне, бітімгер күштердің қақтығысқан тараптарды бөлу рөлі жөніндегі мандатына қарамастан Грузия қарулы күштерінің жағында қақтығысқа араласты», — деді осы мәселе бойынша В. Спринчан Ресей ұстанымын жариялай отырып.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Ресей Грузия әскерлерін тек Цхинвали қаласынан шығарып қана қоймай, Оңтүстік Осетия аумағын тікелей нысанаға алып атуға мүмкіндік бермейтін қашықтыққа дейін шегіндіруді талап етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар