Caravan Logo

Ресей Грузия әскерлерінің ендігі жерде Оңтүстік Осетиядағы бітімгер күштердің қатарына енгізілмеуін талап етуде

Ресей Грузия әскерлерінің ендігі жерде Оңтүстік Осетиядағы бітімгер күштердің қатарына енгізілмеуін талап етуде

"Халықаралық Еуропа ұйымдарының, ЕҚЫҰ мен Еуроодақтың ұстанымдары бірнеше жайттарды есептемегенде Ресей жағынан түсіністік табады", - деді В. Спринчан.

"Грузия жағының бітімгершілері өз мандаттарын бұзды, қауіпсіздік аймағынан шықты, оның үстіне, бітімгер күштердің қақтығысқан тараптарды бөлу рөлі жөніндегі мандатына қарамастан Грузия қарулы күштерінің жағында қақтығысқа араласты", - деді осы мәселе бойынша В. Спринчан Ресей ұстанымын жариялай отырып.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Ресей Грузия әскерлерін тек Цхинвали қаласынан шығарып қана қоймай, Оңтүстік Осетия аумағын тікелей нысанаға алып атуға мүмкіндік бермейтін қашықтыққа дейін шегіндіруді талап етеді.