Ресей Грузияның Оңтүстік Осетияға қарсы басқыншылығын тергеу бойынша халықаралық трибунал бекіту идеясын қолдауды сұрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Грузияның Оңтүстік Осетияға қарсы басқыншылығын тергеу бойынша халықаралық трибунал бекіту идеясын қолдауды сұрайды

Ресей Грузияның Оңтүстік Осетияға қарсы басқыншылығын тергеу бойынша халықаралық трибунал бекіту идеясын қолдауды сұрайды

Душанбе. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ресейдің Федералдық жиналысының Федерация кеңесінің Палата кеңесі кеше шетел мемлекеттерінің парламенттеріне және әлем халықтарына үндеу жолдады, деп көрсетілген кеше "Азия-Плюс" ақпарат агенттігі Ресей Федерациясының Тәжікстан Республикасындағы елшілігінен алған үндеуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 14 Тамыз 2008
  • 480
Фото - Caravan.kz

Агенттіктің хабарлауынша, құжатта сырттан белсенді қолдау ала отырып Грузияның басшылығы Оңтүстік Осетия халқына қарсы өзінің қатігездігі және рақымсыздығы жағынан теңдессіз қарулы басқыншылық жасағаны туралы айтылған.

«Осы геноцид салдарынан мыңдаған бейбіт тұрғындар қаза тапты. Олардың арасында балалар, әйелдер мен қариялар бар. Адам құқықтары мен бостандықтары жаппай бұзылған кең ауқымдағы гуманитарлық апат көзге ұрып тұр. Оған қалалар мен ауылдардың жермен жексен етілуі, ондаған мың босқындар дәлел бола алады», — деп айтылған үндеу мәтінінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар