Ресей мен Грузия балуандарының күресі жаппай төбелеске айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.29
  • 562.92
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Грузия балуандарының күресі жаппай төбелеске айналды

Ресей мен Грузия балуандарының күресі жаппай төбелеске айналды

Бухарестте Еуропалық ұлттар кубогы үшін жарыста ресейлік және грузин балуандары дәл боз кілемнің үстінде жаға жыртысты.

  • 21 Қараша 2016
  • 762
Фото - Caravan.kz

Nur.kz сайтының ақпаратынына сенсек, төбелес боз кілемде күресіп жатқан балуандар Имиль Шарафетдинов пен Зураб Датунашвили арасындағы даудан кейін басталды. Жарыс аяқталар тұста қос балуан сөзге келіп, даудың соңы жаппай төбелеске ұласып кетеді.

Боз кілемде төбелес шығарған қос елдің спортшысы төрешілер шешімімен жарыстан қуылды.

Жарыс қорытындысы бойынша ресейліктер Еуропалық ұлттар кубогын жеңіп алды. Финалда олар украиналықтардан 6:2 есебімен басым түсті.