Ресей мен Өзбекстан президенттері Орталық Азиядағы ахуалды және Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамытудың перспективаларын талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	
Ресей мен Өзбекстан президенттері Орталық Азиядағы ахуалды және Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамытудың перспективаларын талқылайды

Ресей мен Өзбекстан президенттері Орталық Азиядағы ахуалды және Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамытудың перспективаларын талқылайды

резиденті Дмитрий Медведев Өзбекстанға ресми сапар жасап, әріптесі Ислам Кәрімовпен кездесу өткізеді.

  • 14 Маусым 2011
  • 362
Фото - Caravan.kz

Кремльдің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Астанада өткелі отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммитінің контекстінде аталмыш ұйымның қызметімен байланысты мәселелер терең талқыланбақ.

Президенттер сондай-ақ көпжақты ұйымдар, ең алдымен — Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы және Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты ұйымдардың аясындағы өзара іс-қимылдар мәселелерін талқылайды.

«Келіссөзге арқау болатын негізгі мәселелердің бірі — Орталық Азияда қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, бүгінгі таңдағы ең қауіпті ығыттарды — халықаралық лаңкестікті, экстремизмді және ұйымдасқан қылмысты жоюдағы екі елдің өзара іс-қимылдарын кеңейту, есірткі қаупімен күресудегі күш-жігерлерді үйлестіру проблемалары болмақ», — делінген ресми хабарламада.

Мемлекет басшылары сонымен қатар Таяу және Орта Шығыс, Солтүстік Африка елдеріндегі жағдайларды және аталған елдердегі дағдарыстардың басқа өңірлерге, оның ішінде Орталық Азияға әсер ету ықтималдығын талқылайды.

Келіссөз барысында сонымен бірге екіжақты сауда-экономикалық іс-қимылдарды еселеу, оның ішінде отын-энергетикалық кешендегі қарым-қатынастарды арттыру перспективалары талқыланбақ.

Соңғы жаңалықтар