Ресей мен Қазақстанда парламенттік республика құру - алыс болашақтың ісі - ҚР президентінің кеңесшісі Ертісбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Қазақстанда парламенттік республика құру - алыс болашақтың ісі - ҚР президентінің кеңесшісі Ертісбаев

Ресей мен Қазақстанда парламенттік республика құру - алыс болашақтың ісі - ҚР президентінің кеңесшісі Ертісбаев

Ресей мен Қазақстанда парламенттік республика құру - алыс болашақта жүзеге асатын шаруа. Бүгін, 1-шілдеде Алматыда өткен "Қазақстан мен Ресейдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалар : салыстыру және талдау" тақырыбындағы мәслихатта сөйлеген өз сөзінде ҚР президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев осындай пікірмен бөлісті.

  • 1 Шiлде 2003
  • 1094
Фото - Caravan.kz

Е.Ертісбаевтың айтуынша, авторитарлық белгілері бар қатаң орталықтандырылған билік — екі мемлекеттегі де саяси және экономикалық реформалардың табысқа жетуіне түрткі болған аса маңызды фактор. Бұдан басқа табыс көздері ретінде Е.Ертісбаев тұрақты қаржы ресурстарын жинақтау көздерінің болуын, рефораларды жүзеге асыруға мүдделі әлеуметтік күштердің өсіп-өнуін, билікке ықпал жасауға қабілетті бюрократияның қалыптасқанын , қоғамдағы белгілі дәрежедегі әлеуметтік икемділікті, сыртқы күштер тарапынан реформаларға қарсылық көрсетпеу немесе оны қолдауды атады.

Екі мемлекеттің де билік құрылымы өз елдері аумағында либералды экономика мен демократиялық қоғам құру деген бір ғана мақсатты көздейді дейді Е.Ертісбаев. Соның нәтижесінде барлық халықаралық құқықтық нормаларды сақтай отырып шынайы демократияға көшудің нақты мерзімі, көшу тәсілдері мен масштабын екі елдің қай-қайсысы да өз бетімен анықтайды.