Ресей мен Қазақстанның машина жасау кәсіпорындары вагондар шығаратын бірлескен кәсіпорын құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Қазақстанның машина жасау кәсіпорындары вагондар шығаратын бірлескен кәсіпорын құрады

Ресей мен Қазақстанның машина жасау кәсіпорындары вагондар шығаратын бірлескен кәсіпорын құрады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Русал» бірлескен компаниясының бас директоры Олег Дерипасканы қабылдады, деп президент баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Маусым 2011
  • 991
Фото - Caravan.kz

«О. Дерипаска Президетті «Богатырь» разрезі базасында «Самұрық-Энерго» мен «Русал» бірлескен компанияларынан құрылған, бірлескен кәсіпорынның жұмысының қорытындылары туралы хабардар етті.

«Кәсіпорын жұмысы жақсы нәтиже көрсетті. Өндіріс көлемін 20 пайызға арттыру үшін технологияны жаңғырту туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ біз Екібастұз көмірін ауада шашамен 40 рет жандыруды төмендетуді қамтамасыз ететін жаңа технологиялық шешім әзірледік. Бұл өте маңызды. Өйткені бұл қоршаған ортаға ықпал ету үшін төмендету кезінде байқалады. Біз ауаға зиянды заттарды шығаруды төмендету технологиясын енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастырамыз, разрезге арналған тиісті бағдарламаларды әзірлейміз», — деп атап өтті О. Дерипаска.

Кездесу кезінде сондай-ақ өндірісті одан әрі кеңейту және инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлар талқыланды.

«Біз «Русские машины» ААҚ тобына кіретін біздің машина жасау саласымен айналысатын кәсіпорындарға байланысты мәселені талқыладық. Вагондар саласында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі меморандум біздің қарауымызда жатыр. Аталған меморандум мақұлданатын болады және бірлескен кәсіпорын құрылады. Алдымен бір жарым жыл ішінде құрастыратын өндіріс, одан кейін барлық технологиялық процесс іске қосылады. Өндірісті кеңейту және азаматтық және әскери мақсаттағы коммерциялық автокөлік техникасын оқшаулау туралы шешім қабылданған болатын. Мен Қазақстандағы инвестициялық климатты оң бағалаймын. Қазақстан мен Ресей Президенттері барлық бюрократтық былықтарды еңсеріп, Кеден одағы аясында бірыңғай платформа құрды. ЕурАзЭҚ пен Кеден одағының шеңберінде қол қойылған Келісім, сондай-ақ жалпы алғанда, барлық қабылданған құжаттар пакеті өзара қарым-қатынастардың жаңа беттерін ашады. Бұл бірыңғай рынокты құруға мүмкіндіктер туғызады, сол кезде тиімділіктер есебінен бәсекелестік пайда болады. Осыған байланысты Қазақстанда көптеген басымдылықтар бар — шикізат көздеріне қол жетімділік, инвестициялық климат сапасының мәселесі, салықтық саясат, мемлекеттік және банктік қолдау. Кездесу кезінде сонымен бірге, Астанада ашылған бірегей жаңа университет туралы айттық. Осыған байланысты университеттің жанынан жаңа кафедра ашу үшін біз жинақтаған инженерлік-өндірістік тәжірибені пайдалану мүмкіндігі талқыланды», — деді О. Дерипаска, деп хабарлады президент баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар