Ресей мен Қазақстанның шекаралас облыстарындағы жоғары оқу орындары мен колледждер білім беру ошақтарының бірлескен Қауымдастығын құруда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Қазақстанның шекаралас облыстарындағы жоғары оқу орындары мен колледждер білім беру ошақтарының бірлескен Қауымдастығын құруда

Ресей мен Қазақстанның шекаралас облыстарындағы жоғары оқу орындары мен колледждер білім беру ошақтарының бірлескен Қауымдастығын құруда

Петропавл, Омбы және Павлодар жоғары оқу орындары мен колледждерінің басшылары білім беру ұйымдарының Ресей-Қазақстан бірлескен Қауымдастығын құру туралы келісімге қол қойды. Оған Ресейдің Омбы облысынан Омбы мемлекеттік университеті, Мемлекеттік аграрлық университеті мен Заң институты, Петропавлдан Халықаралық бизнес және құқық жөніндегі аймақтық колледжі, Солтүстік Қазақстандық кәсіби-педагогикалық колледжі, Есіл ауылшаруашылық колледжі, Павлодардан Гуманитарлық-экономикалық және Техникалық колледждер бірікті.

  • 7 Тамыз 2003
  • 1038
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне Петропавл Халықаралық бизнес және құқық жөніндегі аймақтық колледжінің директоры Сергей Андрюшечкин хабарлады.

Қауымдастыққа қатысушылар білім беру процессін одан әрі жетілдіру және озық педагогикалық тәжірибелерді өзара бөлісе игеру мақсаттарын көздейді.
Петропавл Халықаралық бизнес және құқық жөніндегі аймақтық колледжі үздіксіз білім беру жөніндегі Сібірлік Қауымдастықпен бірнеше жылдан бері ынтымақтасып келеді. Бұл қауымдастық Бизнес және ақпараттық технологиялар жөніндегі Сібір институты, Құқық және экономика институты мен Сібір аймақтық бизнес мектептерінің күшімен құрылған. С. Андрюшечкиннің айтуынша, Петропавлдықтарды экономика, басқару, ақпараттық жүйелер және құқықтану саласындағы үздіксіз білім беру жүйесін құру идеясы қызықтырған көрінеді. Сондай-ақ, олар Ресейлік әріптестерінің сырттай білім беру жүйесін ұйымдастыру тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр.
Сондай-ақ, Петропавл Халықаралық бизнес және құқық жөніндегі аймақтық колледжі Омбы Мемлекеттік Университетімен және Омбы заң институтымен қарым-қатынас орнатқан. Колледж түлектері туыстас мамандықтар бойынша Ресей жоғары оқу орындарында қысқартылған мерзіммен (үш жылға дейін) жоғары білім игеру мүмкіндігіне ие.
С. Андрюшечкиннің айтуынша, Қауымдастықты құру — Қазақстан мен Ресейдің білім ошақтары арасындағы ғылыми-әдістемелік ынтымақтастық аясын тереңдете кеңейтіп қана қоймай, аймақ қажеттігіне сәйкес, жоғары кәсіби білімі бар мамандар дайындауға қосымша мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар