Ресей мен Қазақстанның жоғарғы басшылары арасындағы сенімді қарым-қатынас дәстүрі жалғасады - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Қазақстанның жоғарғы басшылары арасындағы сенімді қарым-қатынас дәстүрі жалғасады - Назарбаев

Ресей мен Қазақстанның жоғарғы басшылары арасындағы сенімді қарым-қатынас дәстүрі жалғасады - Назарбаев

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ресей мен Қазақстанның жоғарғы басшылары арасындағы сенімді қарым-қатынас дәстүрі жалғасады. Бұл туралы Ресей Федерациясының президент Дмитрий Медведевпен бірге болған бірлескен баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Мамыр 2008
  • 762
Фото - Caravan.kz

«Біз Владимир Владимирович Путинмен жиі кездесетінбіз. Және туындаған мәселелерді жедел шешіп жүрдік. Біздің мемлекеттеріміз бен халқымыздың өзара мүдделерін ескере отырып және ашық диалог жолымен шешілмейтін проблема жоқ. Дмитрий Анатольевич Медведевпен өткен келіссөздер осы жағымды қалыптың сақталатынын, Қазақстан мен Ресейдің жоғарғы басшылықтары арасындағы сенімді қатынас дәстүрі жалғасатынын көрсетті», — деді Н. Назарбаев.

«Бұл сабақтастық біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың игілігіне жұмсалады», — деп атап көрсетті ол.

«Қазақстанның сыртқы саясатында Ресеймен қатынас бірінші орында болған және болашақта да бола береді», — деп сендірді Қазақстан басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті