«Ресей басшылығы бұл әрекеттерді халықаралық қылмыс деп есептейді», — деп атап көрсетті В. Спринчан.
«Халықаралық қоғамдастық қайбір тараптың іс-әрекеті халықаралық қылмыс деп таныған бұрынғы Югославияда болған жағдайларды еске түсірсек, ол бойынша арнайы трибунал құрылған. Оның қазіргі күнге дейін қалай жұмыс істеп жатқандығын сіздер жақсы білесіздер», — деді ол.
«Бір жарым мыңнан астам бейбіт тұрғын опат болған, мандатын сол Грузияның өзі бекітіп берген бітімгерлердің өлтірілгені неліктен жауапсыз қалуға тиіс?» — деді Ресей елшілігінің өкілі.
«Ресей басшылығының талаптары халықаралық қоғамдастыққа, халықаралық заңдық құқықтық қоғамдастыққа арналған. Ол қаншалықты мүмкін болатын жайт — оны жоғарғы халықаралық форумдар шешетін болады. Ал бұл талаптардың әділетті екендігінде еш күмән жоқ», — дегенге сенімді В. Спринчан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті