Ресей президенті Алматыдағы ІҮ Еуразиялық МедиаФорумға қатысушыларға құттықтау жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей президенті Алматыдағы ІҮ  Еуразиялық МедиаФорумға қатысушыларға құттықтау жолдады

Ресей президенті Алматыдағы ІҮ Еуразиялық МедиаФорумға қатысушыларға құттықтау жолдады

Ресей президенті Владимир Путин бүгін, 21-сәуірде Алматыда ашылған ІҮ Еуразиялық МедиаФорумға қатысушыларға құттықтау жолдады. Жолдаудың мәтінін форумның ашылуында ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота оқып таныстырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Сәуiр 2005
  • 339
Фото - Caravan.kz

Ресей президентінің жолдауында атап көрсетілгеніндей, Еуразиялық МедиаФорум «өзекті әрі өткір проблемалар талқыланатын кең ауқымқы қоғамдық мінберге айналды». «Оларды шешуде БАҚ-тардың тілектестік және ынтымақтастық позициясы бірегей рөл атқара алады»,- деп пайымдайды В.Путин.

Ресей президентінің пікірінше, Ұлы отан соғысындағы жеңістің 60 жылдық мерейтойы жылында «БАҚ-тар арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеп, өркениетке қатер төндіріп отырған экстремизм мен лаңкестікке қарсы тұрудың маңызы айрықша арта түспек».
«Форум аясындағы конструктивті пікір алмасу Еуразиялық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда жалпыға ортақ гуманистік идеалдар негізінде өзара сенімділік пен түсіністікті одан әрі нығайтуға қызмет ететін болады»,- дегенге В.Путин күмән келтірмейді.
Ресей президенті Форумға қатысушылар мен ұйымдастырушыларға жемісті жұмыс тіледі.

Перейти к новостям спорта