Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау жолдады

Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау жолдады

Ресей Президенті Дмитрий Медведев Қазақстан Президентіне құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ресей Президентінің ресми сайты.

  • 7 Шiлде 2011
  • 656
Фото - Caravan.kz

Құттықтауда былай делінген:

«Сіздің бай саяси тәжірибеңіз, мемлекет басшысының қарқынды және жемісті жұмысы қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында тамаша жетістіктерге, халықаралық аренада жоғарғы беделге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы көп жоспарлы стратегиялық әріптестіктің тереңдеуіндегі Сіздің жеке үлесіңізді атап өткім келеді. Күн тәртібіндегі екіжақты және халықаралық маңызды мәселелер бойынша сенімді, сындарлы талқылау мен шешім қабылдау үшін мықты негіз болып табылатын қалыптасқан жылы қарым-қатынасымызды жоғары бағалаймын. Қарқынды әрі жемісті саяси диалог болашақта Ресей мен Қазақстан арасындағы одақтық қарым-қатынастың дамуында, өзара мүдделілік тудыратын салалардағы ауқымды жобаларды жүзеге асыруда негізгі рөл ойнайтын болады деп сенемін».

Соңғы жаңалықтар