Ресей президенті Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық құбылыстарды күшейту қажеттігіне назар аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей президенті Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық құбылыстарды күшейту қажеттігіне назар аударды

Ресей президенті Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық құбылыстарды күшейту қажеттігіне назар аударды

Ресей президенті Владимир Путиннің пайымдауынша, Посткеңестік кеңістіктегі елдерге Кеңес Одағы ыдыраған тұста үзіліп қалған байланыстарды тез арада қалпына келтіру қажет. Бұл туралы ол бүгін, 18-маусымда Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Университетінде өтіп жатқан "Еуразиялық интеграция: қазіргі даму ағымдары мен жаҺандану қауіптері" тақырыбына арналған халықаралық конференцияда мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Маусым 2004
  • 769
Фото - Caravan.kz

«Асыра айтқандық демейік, бүгінгі бас қосуға қатысушы мемлекет басшыларының барлығы да, өз халықтарының пәрменін орындап, Кеңес Одағы ыдыраған кезде үзіліп қалған байланыстарды жаңаша негізде қайтадан қалпына келтіруге ұмтылуда»,- деді В.Путин.

Ресей президентінің пікірінше, «қауіпсіздік және экономика салаларында» біздің елдеріміздің алдында тұрған проблемаларды тиімді шешу үшін «күш біріктіру , әрине, қажет». «Бәсекелестік қарқыны артқан қазіргі әлемде бәсекелестік қабілетке ие болу үшін, қазіргі заманғы қауіп-қатерден қорғану үшін тек күш біріктіру ғана тиімді. Осыны түсіну негізінде біз әр ел халықтарының интеллектуалдық әлеуеті мен уақыт талабына сүйене отырып, Қазақстан президенті күш салып жүрген өзара интеграциялану құбылысын күшейте түсуге тиіспіз»,- деді В.Путин.
Ресей президентінің айтуынша, «кейбір мамандардың тұжырымына жүгінсек, адамдардың барлығы да 14-ші буында бір-біріне туыс боп келеді». «Жер жаҺанды қайдам, бірақ, біздің ортақ кеңістігімізде, әсіресе бұрынғы Кеңес Одағы аясындағы Еуразиялық кеңістікте баршамыз 14-ші буында емес, тіптен жақын буында бір-бірімізге туыс шығармыз»,- деді В.Путин.