Ресей президенті Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина вице-премьерлерімен кездесуде Біртұтас Экономикалық Кеңістік құруға қатысты мәселелерді талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей президенті Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина вице-премьерлерімен кездесуде Біртұтас Экономикалық Кеңістік құруға қатысты мәселелерді талқылайды

Ресей президенті Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина вице-премьерлерімен кездесуде Біртұтас Экономикалық Кеңістік құруға қатысты мәселелерді талқылайды

Ресей президенті Владимир Путин бүгін, 25-шілдеде Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина вице-премьерлері Сауат Мыңбаев, Андрей Кобяков, Виктор Христенко және Николай Азаровтармен кездеседі. Вице-премьерлер төрт мемлекет аясында Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезекті отырысына қатысуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ресей президентінің баспасөз қызметінің хабарламасынан мәлім болды.

  • 25 Шiлде 2003
  • 473
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін Мәскеуде Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың 6-отырысы өтіп жатыр. Онда Біртұтас Экономикалық Кеңістіктің концепциясы мен оны құру жөніндегі келісім жобасы сарапталып, жоғары дәрежелі топтың алдағы уақытта Қазақстанда өтеді деп межеленген кезекті отырысының мерзімі айқындалмақшы.

2003-жылдың 23-ақпанында Мәскеуде бас қосқан 4 мемлекет басшысы өзара экономикалық кірігу процессінің жаңа сатысы басталғанын мәлімдеп, бірлескен жоғары дәрежелі топты құрған. Жоғары дәрежелі топ 2003-жылдың қыркүйек айына дейін Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру жөніндегі келісімнің жобасын дәйектеуге тиіс. Жоғары дәрежелі топтың алғашқы отырысы 2003-жылдың 17-18-наурызында Киевте өтті.

Соңғы жаңалықтар