Ресей президенті Қазақстанға жұмыс сапарын аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей президенті Қазақстанға жұмыс сапарын аяқтады

Ресей президенті Қазақстанға жұмыс сапарын аяқтады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға жұмыс сапарын аяқтады. Бүгін, 14-қаңтарда түс әлетінде Ресей президенті мінген ұшақ Алматы әуежайынан Мәскеуге бет түзеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қаңтар 2005
  • 321
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сапар барысында В.Путин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Екі жақты экономикалық ынтымақтастықты дамытудың келешек көкжиектерін айқындау — жүздесу барысындағы басты әңгіме өзегіне айналды.

Атап айтсақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекара сызығын делимитациялауға қатысты мәселенің кейбір тұстары, отын-энергетика кешеніндегі ынтымақтастық тақырыптары талқыланды. Мемлекет басшылары өзара қызығушылық танытылып отырған халықаралық өзекті проблемалар бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, Қазақстан президентінің 17-18-қаңтарға жоспарланған Мәскеу сапарына дайындық мәселелері сарапқа салынды.

Перейти к новостям спорта