Ресей президенті үш күндік сапармен елімізге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей президенті үш күндік сапармен елімізге келді

Ресей президенті үш күндік сапармен елімізге келді

АЛМАТЫ. 16-маусым. Kazakhstan Today. Ресей президенті Владимир Путин үш күндік сапармен елімізге келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Маусым 2006
  • 506
Фото - Caravan.kz

“Ресей президенті мінген ұшақ Алматы әуежайына 17 сағат 30 минутта келіп қонды”,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі СІМ өкілі.

Владимир Путинді ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев, индустрия және сауда министрі Владимир Школьник, Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қарсы алды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ресей президенті 17-маусымда Алматыда өтетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының саммитіне қатысады. Сол күні Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ, Ресей президенті Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен, Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен, Таиланд үкімет басшысы Таксин Шинаватрамен келіссөздер жүргізбекші.

Сол күні кешке Қазақстан мен Ресей президенттері Байқоңырға барып, онда Қазақстанның тұңғыш “KazSat” жер сірігінің ұшырылымын қадағалайды.

Перейти к новостям спорта