Ресей президенті Владимир Путин ресми сапармен Астанаға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей президенті Владимир Путин ресми сапармен Астанаға келді

Ресей президенті Владимир Путин ресми сапармен Астанаға келді

Бүгін, 9-қаңтарда Ресей президенті Владимир Путиннің елімізге ресми сапары басталды. Президент бастаған ресейлік өкілдер мінген ұшақ Астана әуежайына межелі мерзімнен 1 сағат кешігіп 17сағат 10 минут шамасында келіп қонды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 9 Қаңтар 2004
  • 498
Фото - Caravan.kz

Ресейлік өкілдерді Астана әуежайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов, үкімет басшысының бірінші орынбасары Григорий Марченко, қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев, ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник, Астана әкімі Темірхан Досмұхамбетов сынды ресми адамдар күтіп алды.

Ресейлік өкілдердің арасында РФ үкімет басшысының орынбасары Виктор Христенко, Саратов облысының губернаторы Дмитрий Аяцков, РФ жол қатынасы министрі Вадим Морозов және басқа да ресми адамдар бар. Ал бұған дейін Астанаға сапар мерзімінде аккредитацияланған ресейлік 50-ден астам журналист келген болатын .
Екі мемлекеттің әнұрандары орындалғаннан кейін президенттер мен олармен бірге жүрген өкілдер Елордасындағы президент сарайына бет түзеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, В,Путиннің елімізге жасайтын ресми сапары екі күнге созылады. Екі мемлекет басшысының кездесуі барысында Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану, отын-энергетика саласындағы өзара ықпалдастықты өрістету, мемлекеттік шекара шегін белгілеу, әскери және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастық мәселелері сарапқа салынады. Сондай-ақ, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейту мәселесіне де айрықша маңыз беріледі деп күтілуде. Сапар мерзімінде бірқатар құжаттарға қол қойылады. ҚР мен РФ арасындағы ТМД, ЕурАзЭҚ, Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мен жаңадан құрылып жатқан БЭК аясындағы өзара белсенді ынтымақтастықты одан әрі өрістетуге бағытталған интеграциялық қадамдар туралы да сарапқа салынбақ.
Бүгін кешкісін Астанадағы Конгресс-холл сарайында екі ел президенттерінің қатысуымен Ресейдің Қазақстандағы жылының салтанатты ашылуы өтеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылы Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 5 млрд. долларды құрап, 2002-жылғы көрсеткіштен 30 процентке артты. Оның 70 проценті шекаралық аймақтар арасындағы өзара сауда-саттықтың үлесінде.

Соңғы жаңалықтар