Ресей президенті жұмыс сапарымен Алматыға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей президенті жұмыс сапарымен Алматыға келеді

Ресей президенті жұмыс сапарымен Алматыға келеді

11-қаңтар күні кешкісін Ресей президенті Владимир Путин екі күндік жұмыс сапарымен Алматыға келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Қаңтар 2005
  • 370
Фото - Caravan.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің бейресми кездесуінде екі жақты қарым-қатынастарды дамытуға, Қазақстан президентінің алдағы Мәскеу сапарына дайындық барысына қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы талқыланады.

Президенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау барысының соңғы егжей-тегжейлері мен отын-энергетика кешені саласындағы ынтымақтастық туралы талқылайды. Мемлекет басшылары өзара мүдделілік тудырып отырған өзекті халықаралық мәселелер төңірегінде пікір алмасады.
Сапар барысында Ресей президенті Шымбұлақ базасында болып, тау шаңғысымен сырғанамақшы.
Алдын-ала бағалау бойынша, 2004-жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 7 млрд. доллардан асты. Бұл 2003-жылғы көрсеткіштен 40 процент артық .

Перейти к новостям спорта