Жарияланды: 430

Ресей президентінің Қазақстанға ресми сапары 9-қаңтарда басталады

Ресей президенті Владимир Путиннің елімізге жасайтын екі күндік ресми сапары 9-қаңтарда басталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сапар барысында Ресей Федерациясының президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. В.Путин Ресейдегі Қазақстан жылының қорытындысын шығарады деп күтілуде. Сондай-ақ, Қазақстандық және Ресейлік өкілдердің кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. 9-қаңтарда түстен кейін Астанадағы Конгресс Холл сарайында Қазақстандағы Ресей жылының салтанатты ашылуы өтеді. 10-қаңтарда В.Путин президенттің мәдени орталығы мен "Астана-Бәйтерек" монументін аралап тамашалайды. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ресейдің "Независимая газета" басылымына берген сұхбатында Қазақстан Республикасының Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Қырымбек Көшербаев Ресей президенті Владимир Путиннің алдағы елімізге ресми сапарын екі мемлекеттің өзара интеграциясын тереңдетуге бағытталған президенттер жұмысының жалғасы ретінде қарастыруға болады деп мәлімдеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін