Ресей қазақстандық кәсіпкерлер үшін сан алуан кедергілер жасап отырады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей қазақстандық кәсіпкерлер үшін сан алуан кедергілер жасап отырады

Ресей қазақстандық кәсіпкерлер үшін сан алуан кедергілер жасап отырады

Бүгінде Ресей нарығына шығатын қазақстандық кәсіпкерлер үшін сан алуан кедергілер қолдан жасалады. Бұл туралы бүгін «Эксперт» клубының кезекті мәжілісінде ҚР Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы («Атамекен одағы»-автор) экономикалық энтигарция департаменті директорының орынбасары Владимир Пак мәлім етті.

  • 12 Қараша 2013
  • 410
Фото - Caravan.kz


Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық кәсіпкерлер Кедендік одақ аясындағы «тауардың еркін айналымы», «әділ бәсекелестік» сияқты бастамаларды қолдайды.

«Алайда, «таяқтың екі ұшы бар демекші», аталған бастамалардың астарында кертартпа жағдайлар да жоқ емес. Мәселен, біздің көлік құрастыру өнеркәсібіміз біршама көтеріліп, Қазақстаннан Ресейге тасымалданатын автомобильдердің саны артқан кезде, ол елдің мемлекеттік органдары біз үшін мүлдем тиімсіз іс-шараларды қолға ала бастады. Ашығын айтсақ, біздің еркіндігімізге қысым жасалды. Қазір Қазақстанның шағын және орта бизнесі үшін Ресей нарығында кедергі болатын тосқауылдар баршылық», — дейді В. Пак. Ұлттық палатаның өкілі атап көрсеткендей, ондай кедергілерге Ресейдің кедендік бақылау бойынша федералды агенттігінің өзі бастамашы болып жатады.