«Ресей жағы Қазақстанға біздің бірлескен кәсіпорынның негізінде уранды байыту жөніндегі халықаралық орталық құру туралы ұсынысты талқылауды ұсынуда»,- деді ол. «Бұл әрине беделді жоба болмақ. Біз потенциалдық тұрғыда қолдаймыз. Бірақ халықаралық орталықтың кәсіпорындарын құру принциптерін алдымен ұсыну керек»,- деді ол.
Сонымен бірге оның айтуынша, қазір «Қазақатомөнеркәсібі» ҰАК-ның президенті Мұхтар Жәкішев қазір Венада МАГАТЭ сессиясына қатысуда. Онда ядролық отын қорын құру мен уранды байыту орталығын құру мәселелері талқылануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті