Ресей Қазақстаннан спутник арқылы түсірілген суреттерді сатып алуға дайын – Қазғарыш басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Қазақстаннан спутник арқылы түсірілген суреттерді сатып алуға дайын – Қазғарыш басшысы

Ресей Қазақстаннан спутник арқылы түсірілген суреттерді сатып алуға дайын – Қазғарыш басшысы

Ресей Қазақстаннан Жерді қашықтықтан барлау спутниктері арқылы түсірілген суреттерді сатып алуға дайын.

  • 8 Сәуiр 2015
  • 472
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Инвестиция және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасы Талғат Мұсабаев хабарлады.

«Біз жасаған Жерді қашықтықтан басқару жүйесінің ТМД елдерінде баламасы жоқ. Мұндай жер серіктері мен мұндай жүйе Ресейде атымен жоқ. Олар спутникті Франциядан алу жағын енді ойластырып жатыр. Алайда, Ресейге қарсы қолданылған санкцияларға байланысты бұл мәселенің әзірге шешіле қоюы екіталай, оның қай кезде шешімін табары белгісіз», — деді ол сәрсенбі күні мәжіліс депутаттарына. «Ресей біздегі түсірілімдерді сатып алуға дайын. Біздің жер серіктері түсірген суреттерді сатып алу туралы ұсыныс жасап та қойды. Басқа елдер жайлы айтпай-ақ қояйын. Біздің жүйенің бағасы асып тұр», — деді Т.Мұсабаев.