Жарияланды: 460

Ресей Қазақстанның сенімді одақтасы, экономикалық серіктесі болып қала береді - Назарбаев

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Қазақстанның сенімді одақтасы, экономикалық серіктесі және меймандос көршісі болып қала береді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ресей Қазақстанның сенімді одақтасы, экономикалық серіктесі және меймандос көршісі болып қала береді, бұл елмен бізді мың тарам жолдар байланыстырып, жалғастырып жатыр. Біздің келешек серіктестігіміз осы бағытта жалғаса береді дегенге сенімім мол", - деді Н. Назарбаев. Президенттің атап өткеніндей, Қазақстанның стратегиялық серіктесі - Қытай ғаламдық маңыздағы орталыққа айналды. "Бұл елге қатысты біз өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге, оны тереңдете түсуге, барлық салалардағы қарқынды диалогты қолдауға бағытталған саясатты одан әрі жалғастырамыз", - деді Н. Назарбаев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін