«Ресей Қазақстанның сенімді одақтасы, экономикалық серіктесі және меймандос көршісі болып қала береді, бұл елмен бізді мың тарам жолдар байланыстырып, жалғастырып жатыр. Біздің келешек серіктестігіміз осы бағытта жалғаса береді дегенге сенімім мол», — деді Н. Назарбаев.
Президенттің атап өткеніндей, Қазақстанның стратегиялық серіктесі — Қытай ғаламдық маңыздағы орталыққа айналды. «Бұл елге қатысты біз өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге, оны тереңдете түсуге, барлық салалардағы қарқынды диалогты қолдауға бағытталған саясатты одан әрі жалғастырамыз», — деді Н. Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті