Ресей Қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатынан сүйінші хабар жетті! - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатынан  сүйінші хабар жетті!

Ресей Қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатынан сүйінші хабар жетті!

70 жыл өткен соң ерлігі танылды! Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтардың саны тағы бір есіммен толықты. Солтүстік Қазақстаннан аттанған жауынгер Ештен Есембаев Беларусь жеріндегі шайқаста жараланған 11 жауынгер мен командирді қоршаудан аман алып шыққан екен. Осы ерлігі үшін ол “Қызыл жұлдыз” және Екінші дәрежелі “Отан” ордендерімен марапатталған.

  • 23 Маусым 2011
  • 392
Фото - Caravan.kz

Қазақ жауынгерінің бұл ерлігі жайында туыстары 70 жылдан кейін білді.  Өйткені осы уақыт бойы Ештен Есембаев із-түзсіз кеткендердің қатарында болған. 1942 жылдан бері елде қалған туыстары одан ешқандай хат алмаған. Қуанышты хабар жуырда ғана Ресей Қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатынан жетті. Соғысқа қатардағы жауынгер ретінде аттанған Ештен Есембаев жарақат алып госпитальде емделген соң, сонда біраз уақыт санитар болыпты. Ал 1944 жылдың жазында Беларусь жеріндегі Могилев майданында болған шайқаста минаатқыш оғының астынан 11 жауынгерді аман алып шығамын деп, ерлікпен қаза тауыпты. Содан Могилевтегі  бауырластар зиратында жерленген. Енді оның зиратына туған жердің бір уыс топырағын салу — артында қалған жалғыз інісі Қалымкештің арманы. Ағасынан келген үшбу хаттарды ол осы күнге дейін сақтап келген. 


Қалымкеш Ештенов, Е.Есембаевт
ің інісі:

— Хаттары грузин, өзбек, ноғай, орыс әріптерімен жазылған. Орысшасы көбірек.  Өзі хат танымайтын. Қасында госпитальда бірге жатқан біреулерге жазғызған ғой.

Соңғы жаңалықтар