Ресей таяудағы 2-3-жылда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту туралы келісімге қол қоюы мүмкін - Мемлекеттік Дума депутаты В.Драганов - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей таяудағы 2-3-жылда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту туралы келісімге қол қоюы мүмкін - Мемлекеттік Дума депутаты В.Драганов

Ресей таяудағы 2-3-жылда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту туралы келісімге қол қоюы мүмкін - Мемлекеттік Дума депутаты В.Драганов

Ресей таяудағы 2-3-жылда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту туралы келісімге қол қоюы мүмкін. Бұл туралы бүгін, 27-мамырда

  • 27 Мамыр 2004
  • 431
Фото - Caravan.kz

ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының Кедендік Одақтың құқықтық базасын қалыптастыру жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында сөз сөйлеген РФ Мемлекетік Думасының экономикалық саясат, кәсіпкерлік және туризм жөніндегі комитетінің төрағасы Валерий Драганов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

В.Драгановтың пікірінше, «парламент бұл құжаттарды ешбір қиындық немесе кедергісіз бірден бекітуге дайын. Өйткені, бұл мәселеге қатысты қоғамдық пікірталас әлдеқашан аяқталған». Дейтұрғанмен, Мемлекеттік Дума депутатының айтуынша, «нақтылауды қажет ететін бірнеше мәселе әлі де бар». Осындай мәселелер қатарында «қуат көздеріне ішкі және сыртқы бағаның айырмашылығы, ауылшарашылығына субсидия бөлу, санатерлік меншікті қорғау» мәселелерін атауға болады. Бұл мәселелер қазір «талқыланып жатыр» , деді В.Драганов.
Сондай-ақ, «өнім экспорттаушылар мен банк саласы ахуалының уақытша болса да нашарлауы» Ресейдің алаңдаушылығын туғызып отыр. «Дегенмен, біздің өзіндік артықшылықтарымыз да жоқ емес»,- деді ол.