Ресей тұрғындары қостанайлық полицейлерге алғыс білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей тұрғындары қостанайлық полицейлерге алғыс білдірді

Ресей тұрғындары қостанайлық полицейлерге алғыс білдірді

Жол-көлік оқиғасына ұшыраған Ресей тұрғындарына Қостанай облысы Федоров ауданының полицейлері көмек көрсетті.

  • 12 Қаңтар 2021
  • 27
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей тұрғындары Рудный қаласына қонаққа келген. Олар мінген көлік Федоров ауданы Владыкин ауылының маңында жол-көлік оқиғасына ұшырайды. Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып кеткен.

«Хабар алған патрульдік полиция қызметкері Аманжол Кенескенов оқиға орнына бірінші болып келді. Аға лейтенант жүргізушіге және оның жұбайына алғашқы көмек көрсетті, артынша «Рено» көлігін тасымалдау үшін эвакуатор шақырды. Қиындыққа тап болған Ресей азаматы Инна Амоскина Федоров ауданының полиция бөлімінің полицейлеріне алғысын білдірді», — дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар